Ақтау қаласында «Атакент» тұрғын үй кешенінің 10-шы қабатындағы терезеден шығып, ойнап жүрген кішкентай бүлдіршіндердің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Оны жергілікті тұрғын түсіріп алған екен.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментіндегілер бұл бейнежазба бойынша тиісті жұмыстар жүргізілгенін хабарлады.
«2022 жылдың 25 шілдесінде Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде «Атакент» тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатындағы терезеге балалардың ойын үшін шыққан видеосы анықталды. Ювеналды полиция қызметкерлері бірден аталған жерге бет алды. Ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ ата-аналармен осындай жағдайларға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме өткізілді»,-делінген департаменттің баспасөз қызметі берген мәліметте.