Түркістан облысы: алаяқ бес тұрғынның атынан микроқаржылық ұйымнан несие рәсімдеген

Теги: ,
356

Түлкібас ауданы тұрғындарына бейтаныс жігіт өзін «жерсеріктік байланыс жүйесі» қызметкерімін деп таныстырған. Полицияның дерегінше, күдікті азамат ауданда жерсеріктік телеарналар орнатуға жаңадан тіркеу жұмыстарының жүріп жатқандығын айтып сендірген. Осылайша тұрғындардың жеке мәліметтерін жазып, бет-бейнелерін суретке түсіріп алған. Және осы арқылы арам ойын жүзеге асырып, қаржы ұйымдарынан жасырын түрде несие рәсімдепті.

«Келтірілген жалпы шығын көлемі 385 000 теңгеге жуық. Күдікті несие арқылы алған ақшаны өз пайдасына жаратып жіберген. Тексеру барысында ұсталған азаматтың бұрында алаяқтық жайты бойынша істі болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдірахманқызы.

Предыдущая запись
Шымкент: қайтарымсыз несие шығарып беремін деп тұрғындарды сан соқтырды
Следующая запись
Түркістан: қызмет бабын пайдалана отырып «трактор әперемін» деген лауазымды тұлға 3,5 жылға сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню