Өзгелер алған өтемақыға қолы жетпей жүргендер үш жылдан бері табанынан тозып келген. Олардың мәселесіне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр нүкте қойды. Кәсібі тұралап, шығынын өндіре алмай жүргендердің шығынын шешуді Скляр Түркістан облысының әкімдігіне тапсырды.
Еске салайық, 2019 жылдың 24-маусымы күні Арыс қаласында жойқын жарылыс болды. Әскери қоймадағы қару-жарақтар жарылу салдарынан жақын маңдағы 464 бизнес нысан бүлінген. Олардың басым бөлінінің шығыны «Менің Атамекенім» қайырымдылық қоры арқылы өтелді. Бірақ 48 кәсіпкер қаражаттың жетіспеушілігінен өтемақы ала алмай келген.
Алайда, бұл шығындар нақты қандай қаражат есебінен өтелетіні әзірге белгісіз. Әкімдік өкілдері ірі компанияларға демеушілік жасау бойынша ұсыныс хаттар жолдағаны туралы хабарлады.