Түркістан облысы: Арыстағы жарылыстан шығынға батқан ондаған кәсіпкердің үніне құлақ асатын ешкім жоқ

Теги: ,
380

Жойқын жарылыстан кәсіпкерлік нысаны қирағандардың арасында әлі күнге өтемақы ала алмай жүргендер аз емес. Арыстық кәсіпкер Мұхамеджан Сапарханұлының дәмханасы, тойханасы мен дүкені бүлінген. Әскери бөлімде өрт шығып, оқ-дәрілер қарша бораған сәтте дәмханасының төбесі опырылып қалған. Айтуынша, шығынды есептеген мамандар екі үлкен ғимаратының шығынын 62 млн. теңге деп бағалап берген. Бірақ өзгелерге бұйырған қаражат өзіне жетпей қалғанын айтады.

Мұхамеджан Сапарханұлы, кәсіпкер:

«Комиссия құрылған. Әні береміз, міні береміз деп ақырында «қаражат жоқ» -деп алдап кетті бізді. 2019жылы қаражат таусылып қалды деді. Үкіметтен қаржы сұраймыз деген. Сонымен уақыт өтіп жатыр. Жауапкершілік алған адам ақырында қашып кетті. Арыста мен жалғыз емеспін. Мен секілді оншақты адам жүр осылай сандалып.

Ғимараттарымның сыртқы терезелері қирап қалғандықтан таныстарымнан қарыз алып шынысын салғанмын. Олар да ақшасын қайтар деп сұрап жүр. Сол ғимараттың өзін қайта салмаса болмайды. Төбесін ашқан сәтте опырылып құлайды. Сол үшін бізге уәде етілген ақшаны тезірек өтеп берсін».

Арыстық кәсіпкерлер бұған дейін де талай табалдырықты тоздырған. Бәрі «төленуі тиіс» деп қолдағанымен, мәселе шешілер емес,- дейді.

Мұхамеджан Сапарханұлы бастаған бірнеше кәсіпкер жуырда бас қалаға барып қайтты. Парламент депутаттарының қабылдауында болды.

-Депутаттар мәселені үкімет отырысында көтеруге уәде берді. Оның өзі көңілге медеу. Қазір құрылыс заттары қатты қымбаттап кетті. Сонда да болса тиісті қаражатымыз қолымызға тисе, бір жыртыққа жамау сеп болар еді, -деді Мұхамеджан Сапарханұлы.

Арыстық бизнесмендердің мәселесіне қатысты жергілікті әкімдіктегілер жазбаша жауап жолдады. Ресми мәлімет бойынша, Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан кейін шығыны өтелмей қалған 42 кәсіпкер бар.

«Тәуелсіз сарапшылардың 2019 жылғы мәліметі бойынша, төтенше жағдайдан зардап шеккен барлық коммерциялық нысандар «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрған «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің қаржысымен қаржыландырылған. Сол кезде барлығы 464 коммерциялық нысанды қаржыландыру қажеттілігі анықталған. «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі 3 097,0 млн. теңгеге 416 коммерциялық нысанды қаржыландырды. Қалған 48 коммерциялық нысан (42 кәсіпкер) қордан жиналған қаражаттың таусылуына байланысты 387,7 млн. теңгеге қаржыландырылмаған.

Оған қоса, бүгінгі таңда бұл кәсіпкерлер қызмет ақысы мен құрылыс материалдарының қымбаттауынан келген шығын көлемін де индексациялауды талап етуде.

Осы жағдайға байланысты Арыс қаласының әкімдігі өз құзыреті шеңберінде және заң аясында кәсіпкерлердің мұң-мұқтажы мен арыз-шағымы негізінде Түркістан облысы тарапынан жоғарыда тұрған мүдделі мекемелерді – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ресми түрде хат жолдап, мәселені түпкілікті шешуге ықпал ету сұралғанын мәлімдейміз», -делінген Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ресми жауапта.

Алайда, мұндай жауаптың талайын естіп келген кәсіпкерлер бұған иланғысы жоқ. Олар алдағы аптада «Үкімет үйінің алдына барып жатамыз» деген ойларын да жасырмады. Айтуларынша, кәсіпкерлердің қатарына жекелеген тұрғындар да қосылмақшы. Олар — Арыстағы жарылыс салдарынан бүлінген баспанасы жөнделмей қалған тұрғын үй иелері.

Предыдущая запись
Чью сторону заняли информационные ресурсы Казахстана в конфликте России и Украины
Следующая запись
В Павлодаре завели дело по факту смертельного падения щенка из окна 9-го этажа

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню