Сенбі күні небәрі 20 минут жауған нөсер жауын аудан орталығы Қазығұрт ауылындағы жетпіске жуық отбасын әбіржітіп кетті. Адам және мал шығыны жоқ. Жергілікті әкімдіктің дерегінше, 1 тұрғын үй құлайын деп тұр. Қауіпті баспананың тұрғындары туыстарының үйіне эвакуацияланды.
Қызыл судан 4 қора құлаған. Одан бөлек 9 тұрғын үйдің, 26 қосымша құрылыс нысандарының зақымданғаны анықталып отыр. Аулалар мен жертөлелерге жиналған суды соруға көршілес аудандандардан арнайы көмек келген.
-Жексенбі күні аудан жастарынан құрылған 25 еріктілер іске кірісті. Одан бөлек қосымша ауданда жұмыс істеп жатқан жүздеген адамға қосымша Шымкент пен Сарыағаш қаласынан да жастар жұмылды. Зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қазір ауданжа жағдай тұрақты,- деді аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Сапарбек Қалботаев.