Түркістан облысы: Бәйдібек ауданындағы үңгірден 48 000 жыл бұрынғы тіршілік анықталды

Теги: ,
556

«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің паркінің қорғау аймағындағы Боралдай тауының Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде ғалымдар сенсациялық жаңалыққа қол жеткізіп отыр. Үңгірден алынған топырақ пен күл қалдықтарын бұған дейін ғалымдар 41 мың жыл деп топшыласа, Германияда жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде оның 48 мың жылдық тарихы бары нақтыланып отыр, — дейді ғалымдар.

Жакен Таймағамбетов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор:


«Біз қазір Тұттыбұлақ үңгірін Тюбинген университетінің ғалымдарымен бірігіп зерттеп жатырмыз. Оның ішінде Испания, Греция, Румыния және Американың өкілдері бар. Биыл біз оншақты күн болды осында жұмыс жасап жатқанымызға. Ең жақсы бір хабар келгені – жақында ғана былтырғы табылған жәдігерлер қырғыш бар,тастың жоңқасы бар осы жерден табылған және күлдің қалдықтары бар. Ошақ болған осы үңгірдің ішінде. Ал, күлдің қалдығына қарап ошақ пен отты пайдаланған адамзат баласының сол кезеңде осы жерде де тіршілік еткенін айтуға болады. Бір қуанарлығы, әлемдік сенсация деуге де әбден болады, кеше Германия зертханасынан күлдің қалдығы 48 000 жылдық екендігі нақтыланды. Бізге дәлелдеп бергені – 48 мың жыл бұрын осы жерде адамдар өмір сүрген. Біз ойлап тұрмыз, ол 48 мың жыл ғана емес, одан әріректегі тарих ашылайын деп тұр. Сол үшін терең қазып жатырмыз.

Тұттыбұлақ үңгірінен табылған жәдігерлер әлемдік сенсациялық жаңалық, әрі қазақ археологтарының нағыз ғылыми жетістігі дейді еліміздің Ұлттық музей мамандары. Оған себеп, ерте дәуірдегі топырақ қалдықтарының жасын цифрландыру тәжірибесі әлемде ең алғаш рет жүзеге асып отыр. Ғалымдар 1959 жылы табылған үңгір ішінде әлі де тың жаңалық табылатынына сенімді.


«Тұттыбұлақ үңгіріндегі зерттеу жұмысы 1959 жылы басталған. Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі, ғалым Хасан Алпысбаев бұл үңгірді тапқанымен жалғыз өзі қазуға мүмкін болмады. 2018 жылы «Palaesilkroad» жобасы аясында Тұттыбұлақ үңгірінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде адамның жақ сүйегі де табылды. Жақ сүйек алғашқы адам болуы да мүмкін. Қазіргі таңда жақ сүйек Германиядағы зертханада анықталуда. Ол адамның тісі біз ойлаймыз, сол 48 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың қалдықтары ма деп. Біздің мақсатымыз осы жерден үңгірдің ішінен мүмкін солардың қаңқасы табыла ма деп әлі де қазба жұмыстарын жалғастыра беретін боламыз. Өйткені тас тәуірінде адамдарды сол үңгірдің ішінде жерлеген. Ал жерлеген кезде оны таспен басып кетеді. Өйткені оны жыртқыштар келіп жеп кетеді ғой оны…» Жалпы Тұттыбұлақ Қазақстанда алғашқы қауымдық құрылыс адамдары тіршілік еткен ең көне үңгір екені анықталып отыр. Бұл әзірге нақтысы ғана. Әрі қарай зерттеген сайын одан да терең сенсациялық табыстарға қол жеткізуіміз мүмкін»,-деді Жәкен Таймағамбетов.

Зерттеушілердің айтуынша, үңгір іші бастапқыда іші кісі бойына жететін құм топыраққа толы болыпты. Мұнда археологиялық қазба жұмыстары 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Биылғы зерттеу нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылысқа тән адамдар қолданған заттармен қоса аңдарың қаңқалары, аюдың тісі де табылыпты.


«Аюдың тісінің табылуының өзі өте үлкен жаңалық. Өйткені бұл маңда соңғы уақыттарда аю мүлдем кездеспеген. Бұдан басқа қазір 4 тас құралы табылды. Олардың әрқайсысы бөлек шикізаттан жасалған.

Оның бірі кварцтан жасалған. Ол осы Тұттыбұлақ өзенінен табылған материал. Бұл үңгірдің маңында көп шикізат жоқ. Мысалы, мына бірінің бір бетінде ұстағанда белгілі болады – балтатас өзеннің астында болатын, ал мына жағында кішкентай пластиналармен қырған. Мына жағында платформасы болған. Мұның бәрі сол кездегі адамдардың өздеріне қажетті шикізатты таңдап, түрлі құралдар жасай білгенін көрсетеді», -дейді зерттеуші-археолог Абай Нәмен.

Бұған дейін де бірқатар әлемдік деңгейдегі экспедицияларға қатысып, ғылыми жаңалықтардың ашылуына атсалысып жүрген Германиядағы Тюбинген университетінің докторы Раду Йовита соңғы кездері Орталық Азияға қызығушылығы арта бастағанын айтады.

-«Үңгірлерді зерттеу біз үшін өте маңызды. Үңгірлерде адам мен жан-жануар қалдықтары жақсы сақталады. Біз сол жерден алынған үлгілер арқылы ДНҚ-сараптама жасаймыз. Осылайша онда қандай адамдар өмір сүргенін анықтаймыз. Қазақстандағы үңгірлер қаншама тарихи орындарды қойнауына жасырып жатыр. Бір ғана Қаратау жотасының әрбір тасы тұнған тарих»,-дейді германиялық археолог Раду Йовита.

Ғалымдар 1959 жылы табылған үңгір ішінде әлі де көне дүниелер табылатынына сенімді. Сондықтан археологтар топырақты баппен қазып алып, шелекке салып шығаруда. Оны ерінбей електен өткізіп жатыр. Өйткені маңызды дүниелер көзден таса қалмауы керек деп есептейді. Соның нәтижесінде әлі талай тың жаңалықтың бетін ашпақ.

Предыдущая запись
​«Мәдениетсіз министр». Дәурен Абаевтың ақ жаулықты анаға берген жауабы ел ашуын тудырды
Следующая запись
Түркістан облысы: құйынды дауыл келтірген шығын анықталып жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню