Түркістан облысы: бір мезетте бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді

Теги: ,
441

Жүк көлігінің қатысуымен орын алған жол апаты Сарыағаш ауданы Еңкес ауылынан өтетін республикалық маңызы бар «Жетісай-Жібек жолы» тас жолының 201 км шақырымында болды.

Жол сақшыларының алдын ала анықтағанындай, апатқа себепкер — «NISSAN URVAN» автокөлігінің жүргізушісі. Келес ауданынан Сарыағашты бетке алған автокөлік жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «MAN» маркалы жеңіл автокөлік тасымалдаушы жүк көлігіне соқтығысқан. Литва Республикасына тиесілі жүк көлігінің үстінде бірнеше шетелдік машина болды. Қос көлікке сол сәтте өз бағытымен келе жатқан «AUDI A 6» маркалы көлігі түйіскен. Ол «NISSAN URVAN» көлігінің артқы бөлігіне кеп соғылған. Жол апатының салдарынан «NISSAN URVAN» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал «AUDI A 6» жүргізуші ауыр дене жарақаттарын алып, бүгінде Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті, -деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатына ауа-райы да себеп болуы мүмкін. Жүк көлігінің жүргізушісін медициналық сараптамадан өткізу кезінде, оның спирттік ішімдік ішпегені анықталыпты. Жол инспекторлары ірі жол апатының себеп салдарын анықтау үстінде.

Предыдущая запись
Цены на отечественную аммиачную селитру в РК снижены с 200 тыс. до 160 тыс. тенге
Следующая запись
Дождливый март: Почему в пасмурную погоду становится грустно?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню