Түркістан облысы: браконьерлер табиғатқа 11,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген

Теги: ,
544

Полицейлер арнайы операция жүргізу нәтижесінде аймақта балық ресурстарын заңсыз өндірумен айналысқан күдіктілердің жолын кесті. Жеті адамнан құралған топ өңірдің үш ауданында заңсыз балық аулап келген.

«ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, Түркістан облысының 7 тұрғынынан тұратын алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс жасаған адамдар тобын ұстадық, олардың бірі бұрын сотталған. Күдіктілер балық аулауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған, яғни қайықтар, костюмдер, электр қондырғыларын қолдана отырып, табиғи ресурстарды өндіруді табыс көзіне айналдырған.

Белгілі болғандай, браконьерлер түнгі уақытта Шардара және Көксарай су қоймаларында, табиғат қорғау инспекторларының жоқ сәтін біліп, заңсыз балық аулаған. Содан кейін олар екі автокөлікпен заңсыз ауланған балықтарды Шымкент қаласының базарларына апарып сатқан. Ақшасын өзара бөлісіп отырған», — деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Қазіргі уақытта алдын ала сөз байласып қылмыс жасағандардың заңсыз балық аулаудың 3 жайтына қатыстылығы дәлелденді. Ал келтірілген шығын көлемі 11,5 миллион теңгеден асады. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде, 2 автокөлік, 3 қайық, 4 қайық қозғалтқышы, 10 қармақ, 6 балық аулау костюмі, 2 радиостанция және басқа да балық аулау құралдары, сондай-ақ 120-дан астам балық аулау торлары мен 1,5 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленген.


«Бүгінде 3 күдіктіні қамауға алдық, топтың қалған мүшелеріне қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеуді ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша жүргізудеміз. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деді полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

Предыдущая запись
Шымкентцы почувствовали подземные толчки
Следующая запись
Алматы. Когда пример должен стать заразителен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню