Түркістан облысы: есірткіні шұлығына жасырған шетелдік ұсталды

Теги: ,
386

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында орналасқан шекара бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағына өту кезінде қызметтік ит белгі бергені хабарланған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды тінту кезінде, оның сол жақ аяғына киген шұлығының ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындалды.

Нәтижесінде айғақты зат «гашиш» болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабанасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің есірткіні қандай мақсатта алып жүргені анықталуда — делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: көршінің мүлкін күзетші ұрлаған
Следующая запись
Түркістан облысы: тепловоз бен фура соқтығысты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню