Түркістан облысы: құйынды дауыл келтірген шығын анықталып жатыр

Теги: ,
903

Құйынды дауыл Созақ ауданы Қыземшек кенті маңында тұрған. Табиғаттың тосын мінезінен уран өндіріп жатқан жұмысшылар жатақханасына едәуір шығын келген. Бір темір үйшік аударылып, үшеуін қатты жел жылжытып жіберген. Қатты дауыл 6-шы шілде күні 18:50 мен 19:20 аралығында тұрғаны белгілі болды. Бұршақ тіпті автобустың терезесін сындырып жіберген.

«Дауыл Қыземшек кентінен 90 шақырым қашықтықта болды. Бұл «Волковгеология» барлау экспедициясына тиесілі жұмысшылардың жатақханасы орналасқан аумақ. Дауыл мен боран бір сәтте болғандықтан автокөліктер тұратын тұрақтың шатыры, жабындары ұшқан. Электр желілеріне зақым келіп, бір су сорғысы істен шыққан. Жатақ орындардың салқындатқыш құралдарына дейін бүлініпті. Небәрі жарты сағатта әбіржітіп кетті. Құдай сақтағанда ешкім зардап шеккен жоқ. Темір вагондардың ішінде дауыл кезінде ешкім болмаған.»- деді Қыземшек кентінің әкімі Ержан Төлеғалиұлы.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: Бәйдібек ауданындағы үңгірден 48 000 жыл бұрынғы тіршілік анықталды
Следующая запись
Пятая встреча: Снизят ли пенсионный возраст в РК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню