Ордабасы ауданы Ынталы ауылының 39 жастағы тұрғынының өліміне қатысты марқұмның туыстары өз болжамдарын айтты.
Марқұм, Үкіләй Сартаеваның әпкесі бұл жағдайдың кешкі тоғыздан өте басталғанын баяндады. Түнгі екіге дейін сіңлімнің сау тамтығын қалдырмаған деп жеткізді туысы.
Бақыт Саймасаева, марқұм Үкіләй Сартаеваның әпкесі:
«Сол күні күйеу балам өзімен бірге екі бөтелке коньяк әкеліпті. Сіңліме іш дегенмен ол бас тартқан. Содан аузына құйып, одан моншаға кіргізіп алып басынан бөтелкемен ұрыпты. Аямай ұрған, сыртқа шығарып арыққа аунатып та ұрған, тепкен. Одан үйіне пеш тамына сүйреп әкелгенде ол жерде пештің домалақ темірлерімен басынан ұрған, басында дәу-дәу тесіктер бар. Мұның бәрі бала-шағасының көз алдында болған. Олардың қой дегеніне қарамапты. Ұрып, айқайлап тықсыртқан.Ол жерде сіңлімнің енесі де болған, оған да дес бермеген. Шала жансар сіңлімнің үстіне бір шелек су құйып, қазір есін жияды деп қарап тұрған.Сыртқа шығарып, үстіне секірген».
— Қызымның тісінен тіс қалмаған, шашынан шаш қалмаған. Айуандықпен азаптап өлтіріп отыр. Ұрып тепкені аздай үстіне шығып секіріп, қабырғаларын сындырған. Жүрегі мен өкпелерін бір-біріне жапсырып жіберген секіре беріп. Сондай айуандықпен өлтіріп отыр, -деді марқұм Үкіләй Сартаеваның анасы Қаламқас Сартаева.
Еске салайық, сұмдық жағдай 28-сәуірден 29-на қараған түні болған. Туыстарының сөзінше, бұл жағдайға қызғаныш себеп көрінеді. Сіңлімді қит етсе әркімнен қызғанып отыратын. Жаңа үйленген кездерінде де өз басым куә болғам, талай сорақы қылығын білем,- деді марқұмның ет жақыны.
— Сіңлім балаларын көтермей тұрып та талай көкала қойдай болып жүргенін көргем. Сол кезде-ақ онымен өмір сүру жақсылықпен бітпейтінін ескерткенмін. Бірақ сіңлім көне қоймады, төзіп келді. Күйеу баламыз мұның бәрін «шегіп» алып жасаған ғой. Оған ішімдік ішкені тағы қосылғасын оңсын ба?.. Бұрын да анаша шегіп жүретін. Екі-үш жыл бұрын «кодирование» жасаған. Ол кезде жақсы болып қалды, тәуір болды ғой қатарға қосылып деп қуанып қалғанбыз бәріміз. Енді міне, ақыры мынау болып отыр. Араша түсіп шырылдаған балаларына қыңқ демеген. Өлім аузында жатқан сіңлімді көре тұра «қазір тұрып кетеді бұл, әшейін жатыр…» деп қарап тұрыпты. Соның бәрі есірткінің әсері. Полицияға үлкен қызы тығылып жүріп звондаған. Ертерек шақырғанда сіңлім аман қалар ма еді, енесі ешкімді шақыртпапты. Енді енесі де жауап берсін бұл сұмдыққа, — дейді Бақыт Саймасаева.
Марқұмның артында төрт баласы қалды. Үлкен қызы 14 жаста, 8-сыныпта оқиды. Кенжесі 9 жасар. Қазір балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Күдікті 1979 жылы туған, оның тұрақты жұмысы жоқ, құрылыста жұмыс істейді. Маскүнемер мен нашақорлар тізімінде жоқ — деп мәлімдеді Полиция департаментіндегілер.
«Аталған жайт Ордабасы аудандық ПБ-де ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «кісі өлтіру» бойынша тіркелді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жолданды. Күдікті өзінің әрекетін мойындап, өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады. Күдікті ер азамат қамауға алынған.
Сонымен қатар, күдікті деп танылған Ордабасы ауданының тұрғыны полиция бөлімінде ешқандай профилактикалық есепте тұрмаған. Осы күнге дейін көршілерден немесе туыстарынан қандай да бір отбасылық жанжал туралы ешқандай арыз-шағым түспеген», деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы