417
Видеоны желіге жүктегендердің дерегінше, дәмхана алдында әлдебір мәселені шешпек болғандардың бірі — Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылы әкімінің орынбасары Ерлан Оразбаев көрінеді. «Қазына» дәмханасының алды делінген бейне жазбада одан бөлек бірнеше адам бар. Оның жанында болған тағы екеудің Сайрам аудандық полиция бөлімінің өкілдері екені айтылған. Осы видеоға қатысты жан-жақты зерделеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Бұл оқиғаның Сайрам ауданында орын алғаны анықталды. Бейнежазбадағы жанжал Түркістан облысы Полиция департаментінің назарына алынып, қызметтік тексеру жұмыстары басталды. Қосымша мән-жай хабарланатын болады,- деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдірахманқызы.