405
Түркістан облысының полицейлері үш жылдан бері облыс тұрғындарының тынышын алған күдіктіні қамауға алды. Ол бұрын да осындай қылмысы үшін сотталған. Бірақ үйреншіті теріс әрекетін тастай қоймапты. Ұсталған жігіт өңірдің Қазығұрт, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандарындағы иесі жоқ үйлерге түсіп отырған. Әккі қолына тұскен алтын бұйымдарды ломбардтарға өткізіп келіпті. Департаменттің дерегінше, ұры бір үйдің өзіне 3 млн. теңгедей шығын келтірген. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын және оның сыбайластарының бар-жоғын анықтап жатыр.