Түркістан облысы: түзеу мекемесіндегілердің кейбірі шеге жұтып, денелерін тілгілеп тастаған.

Теги: ,
403

Түркістан облысында түрмеде жатқандардың арасында аштық жариялағандар бар. Бұл туралы сотталғандар өздерінің туыстарына жолдаған видеоларда айтқан. Сөздерінше, оларды мекеме қызметкерлері қинайтын көрінеді. Мұны жазасын өтеп жатқандар сол маңда жиналған туыстарына жеткізген.

Түрмедегілердің айтуынша, денесін тілгілеп, аузын тігіп тастағандар бар. Темір тордың арғы жағындағы қиындығын терезе арқылы дауыстап жеткізгендер іштегі адам төзгісіз қиындықтарға шыдай алмайтындықтан өздеріне қол салулары ықтимал екендіктерін баяндаған.

Түрмеден жолданған видео авторы бұл жазбаның 2022 жылдың 19-ақпан күні түсірілгенін айтқан. Видеода 167 9 қауіпсіздігі барынша қорғалған түзеу мекемесі аталады.

«Соттаған Сейдолла Берікке ешқандай ем-шара көрсетілмеуде, міне. Ауырып жатқанына екі күн болды. Жанында шелектің ішіне құсып жатыр. Ешқандай медициналық көмек көрсетілмеуде. Мекеме қызметкерлерінің тарапынан қысым көрсетілгесін темір үзіндісін жұтуға мәжбүр болған. Сотталған Сейдолла Берікке қазір ешқандай көмек көрсетілмеуде, міне.

-Қай жерің ауырып жатыр, Берік?

-Ішім. –Ішің ауырып жатыр ма? – иә. –Мекеме медицина тарапынан көмек көрсетіліп жатыр ма? –Жоқ. – Скорый шақыртып жатсың ба? –Иә.»

Видео авторы құзырлы орындардың бұл мәселеге назар аударып, сотталған науқасқа тиісті ем-дом көрсете қоймағандарға тиісті шара қолданса деп аяқтаған сөзін. Ал екінші бейнежазбада Қоңырбаев Данияр есімді жазасын өтеушінің операциядан кейінгі ауыр жағдайы суреттелген. Мекеме әкімшілері емдетуге еш құлық танытпайтыны айтылған.

Ал өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі тілшілерге жазбаша жолдаған жауапта бұл жағдайдың 14-ақпан күні болғанын хабарлады. Сондай-ақ, сотталғандарға тиісті ем-дом дер кезінде көрсетілгенін мәлімдеген.:

— «Оларға мекемеде медициналық көмек көрсетілді. Бірнеше рет Ленгер қаласының Денсаулық сақтау органдарына шығарылды. Кейінірек ауруханада іш қуысынан бөгде затты алып тастау бойынша операция жасалды. Айта кету керек, бұл сотталғандар теріс мінез-құлыққа ие және жедел жағдайды тұрақсыздандыру және мекеме әкімшілігіне қысым жасау мақсатында бірнеше рет осындай әрекеттерді жасаған. Жоғарыда аталған барлық фактілер бойынша тергеу-жедел тобы шақырылып, сотталғандардың өтініштері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Предыдущая запись
В конкурсе народного танца «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» гран-при выиграл танцевальный коллектив Детского дома №4 города Шымкента
Следующая запись
Многодетные семьи Шымкента могут оформлять пособия проактивно

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню