Түркістан облысы: заңсыз жер қазатындарға тоқтам болмай тұр

Теги: ,
334

Шалғайдағы Шардара ауданының тұрғындары ұлтарақтай жер үшін шырылдап жүр. Қоссейіт ауылы тұрғындарының айтуынша, заңсыз карьер қазушыларға ешкім тосқауыл болар емес. Қолынан келгені қонышынан басып, Сырдарияның құмына қызыққандар жан-жақты шұңқырға айналдырып жатыр. Тіпті мал жаятын орын да қалмай барады,- дейді ауыл азаматтары.

ИбраҺим Жүсіпов, Қоссейіт ауылының тұрғыны:

— Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі жерді қаздырмаңдар деп айтып жатыр. Бірақ ешкім тыңдар емес. Біз ертең малымызды қайда жаямыз?.. Ауылдан шыққан малдың осыдан басқа жайылатын жері жоқ. Басқа жердің барлығы егістік. Күзге дейін жер босамайды еш жерде, егістік жиналғасын ғана мал жібере аламыз. Ал одан бері ұлтарақтай мына қалған жерімізге көз тіккендер жерімізді қазып жатыр. Айтсақ тыңдамайды.

Қоссейіт ауылында бес мыңға тарта тұрғын бар. Ауылдан шамамен 5 шақырым қашықтықтағы тұрғындардың ортақ жайылым жерінен әлдекімдер құм тасуды тоқтатпа жүрген көрінеді. Салдарынан елді мекен маңында бұрындары өсетін қоянсүйек, тораңғыл сынды ағаштар өспей де қалғанын айтады. Шағалы қазылған жерлерге қазір көк шықпай, жергілікті халық төрт түлігін тойдыра алмай жүрміз деп жыларман. Жер қазатындармен күресіп, керісу нәтижесіз деген қараша жайылымдарды сақтап қалу үшін билік басындағылардан көмек сұрайды.

Дос Жанқұлов, Қоссейіт ауылының тұрғыны:

— Негізі бұл жерлер өткен ғасырдың өзінде мал жайылымы болған жерлер. Кілең сауын малдар жайылатын бұрыннан. Ауылда мыңға жақын саумалы бар. Біз бұл жерлерді қазуды тоқтатсын деп талап етеміз. Бұл жерді қазып жатқан адам заңсыз алған деп ойлаймыз. Кәсіпкер ештеңеге көнбейді. Бүйтіп қаза берсе малға да, халыққа да дым қалмайды ғой…

Тұрғындар шуласып жүріп жер қазуды былтыр тоқтатқан екен. Биыл қайта қаза бастағанын айтады.

Бұл мәселеге Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Ерсінбек Әлімбаев жауап берді.

«Әкімдік тарапынан жайылым жерден карьер жасауға рұқсат берілмеген. Мұндай рұқсат ауылдық округ тарапынан да берілмегенін білемін. Өйткені ауыл округінен ауданның арнайы жер қорында тұрған жерлер Қоссейіт ауылына қарасты. Сондықтан ортақ жайылым жерлерді ешкім ала алмайды. Ол аумақтарға күнделікті ауылдың сауынды малдары шығады. Ауыл азаматтарының арызы бойынша құзырлы орган өкілдеріне жайылымдық жерден карьер жасаудың заңдылығын анықтап беруді және ауыл тұрғындары наразылығының алдын алуды сұрап хат жолдағанмын», — деді әкім.

Предыдущая запись
Ақтөбе: полиция бірнеше университеттің ғимаратына «бомба қойылды» деп жалған ақпарат берген адамды іздеп жатыр
Следующая запись
Ninety One, The Limba, Moldanazar и другие выступят на одной сцене в Алматы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню