473
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы қызға жыныстық зорлық зомбылық жасаған жүргізшіге 19 жылға үкім кесті.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің дерегінше, Шымкенттен шыққан жас қыз ауылына жету үшін жолшыбай тоқтаған жүк көлігіне отырған. Жетісай қаласын бетке алған 36 жастағы жүргізушінің ойы орта жолда бұзылып, елсіз жерге тоқтайды. Қыздың қарсылығына қарамай арам ойын іске асырған. Осы жағдайдан соң үйіне жеткен жәбірленуші өзіне қол салмақ болып, өзенге секіріпті. Мұны байқап қалған қыздың туыстары полицияға жүгінген, -деді баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Әсет Серікбаев.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.