452
Келес ауданында учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғынның ауласынан снарядқа ұқсас зат тапты. Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны үйіне көрші ауданнан металл алып келген. Темірлерді сұрыптау кезінде арасынан екі снаряд тауып алыпты. Ол бірден полицейлерді шақыртқан.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мен әскери бөлімнің қызметкерлері тәркіленген қауіпті құрылғыны жою үшін саперларға тапсырды.