456
Келес ауданында 25 жастағы келіншек жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Полиция департаментінің мәліметінше, үш баланың анасы өз үйінде жіпке асылып, көз жұмған. Тәртіп сақшыларына оқиға туралы хабарламаны жедел жәрдем қызметіндегілер жеткізген. Оқиға 16 шілде күні орын алған.
«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Мәйітті қарау барысында келіншектің денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмады»,-деді Полиция департаментіндегілер.
Марқұмның артында бір қызы мен ұлы қалды.