​Түркістан облысында 7 тоннаға жуық жанармай мен дизельді заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Теги: ,
387

Түркістан облысының полицейлері мұнай өнімдерін заңсыз сатудың 6 жайтын анықтады. Аталған фактілер екі күнге жалғасқан «Отын-Энергетика» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде белгілі болды. Атап айтқанда, кенттердің бірінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатумен айналысқан жергілікті тұрғын анықталды. Күдікті әйелдің дүкен қоймасынан түрлі контейнерлерге құйылған шамамен 500 литр бензин мен резеңке шланг айғақты зат ретінде тәркіленді.

Сонымен қатар жедел уәкілдер Сарыағаш ауданында орналасқан қараусыз жанар-жағармай бекетінде мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз заңсыз сақтау және сату дерегін анықтады. Аудан тұрғынынан тәртіп сақшылары 5 тонна дизель отыны бар цистернаны тәркіледі. Ер адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Бұдан бөлек Созақ, Түлкібас және Келес аудандарында да жанар-жағармай материалдарын заңсыз сату жайттары әшкере болды.

«Полицейлер аталмыш «Отын-Энергетика» жедел-профилактикалық шарасы аясында Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі (Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнайды қайта өңдеу) бойынша 6 жайтты тіркеді. Заңсыз айналымнан 7 тоннаға жуық жанар-жағармай мен дизель тәркіленді. Қазіргі уақытта барлық анықталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
​Ақтөбеде екі адамның өлімі бойынша күдіктілердің барлығы ұсталды
Следующая запись
​Шымкенттік келіншек өз үйіне ұрлыққа түскен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню