Түркістан облысы, Түлкібас ауданында тұратын келіншек көршісінің құрбаны болды. Жәбірленушіні әйелдің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн арқылы ақшалай несие алып, 100 000 теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдай уақыт өткен соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұрады.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, тексеру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Оны аудан көшелерінің бірінде жүрген жерінен тапты. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Алаяқтық жасаған ер азамат жұмыссыз және жәбірленушінің көршісі болып шықты7 Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.
Белгілі болғандай, көршісі жәбірленушіден қоңырау соғу үшін ұялы телефонын сұрап алған. Кейін смартфондағы банк қосымшасымен несие рәсімдеп, арам ойын жүзеге асырған.