Түркістан облысында бақташы бағуға берген қойларды сатып жіберген

Теги: ,
417

Оның 140 қойды жымқырғаны анықталды. Полицяға арызданған Шымкент қаласының тұрғыны отарға қосқан 750 қойының басы кеміп қалғанын айтқан. 140 қозы мен қойларының құны есебінше — 7 миллион теңге. Куәлардан жауап алған тәртіп сақшылары жаудың алыстан келмегенін бірден тапты. Қозы мен қойларды қолды қылған — жәбірленушінің малын сеніп тапсырған бақташысы болып шықты. Ол әр қойды 35 мың теңгеден өзінің танысына сатып жібергені белгілі болды.

«Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған малдарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда бақташы мен сатып алушы Отырар АПБ-не жеткізілді. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген Түркістан облысы ПД баспасөз хабарламасында.

Предыдущая запись
КНБ задержал иностранца и казахстанцев по подозрению в госизмене и шпионаже
Следующая запись
Шымкент: көпқабатты үйдегі өрт кезінде қарт әжейге көмек керек болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню