Аса жұқпалы ауруларға қарсы екпе егілмеседе, оны салғандығы жөнінде жалған құжаттар толтырылған. Тіпті әлдеқашан сатылып кеткен төрт түліктер мен базаға еенбеген жануарлар да вацинацияланған малдар тізімінде көрсетілген. Мұндай заңбұзушылықтарды облыстық прокуратура өкілдері кезекті тексеріс кезінде анықтады. Қадағалау органы өкілдерінің сөзінше, ең көп заңбұзушылық Жетісай, Сайрам және Түлкібас аудандарында орын алған. Бір ғана Түлкібас ауданында 9 ауылдық округте азаматтардың малдары дер кезінде тіркеуге алынбаған.
«Түлкібас ауданында әр мал иесінен 10-20 мал бастарының базаға енгізілмеген фактілері анықталды. Шын мәнінде оларға қағаз жүзінде «вакцинация салынған» деген жазбалар жазылған, бірақ базаға енгізілмеген. Бұл бойынша қазір әрбір ветқызметкерден, ветдәрігерлерден түсініктемелер алынды. Облыс көлеміндегі бірқатар аудандардағы ветеринарлық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.»- деді Түркістан облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Асылбек Тұршеков.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша мал саны мал басы жылдан жылға артып келеді.
Ірі қара мал саны — 1 318 014 бас
Уақ мал саны — 5 707 542 бас
Жылқы саны — 432 289 бас
Жоғарыда айтылған ветпрепараттар аса жұқпалы құтыру, аусыл, чума, сібір жарасы секінді аурулардың алдын алу үшін салынады.