374
Оқыс жағдай Ордабасы ауданында болды. Полицияға сол отбасының қызы хабарлаған. Полицияның алдын ала дерегінше, бұл жағдай спирттік ішімдік ішу салдарынан болған. Отбасылық жанжал кезінде 1979 жылы туған азамат келіншегін ұрып-соққан. «Адам өлтіру» бабымен іс тергеліп жатыр. Ал оқиға көз алдында болған балаларына психологиялық көмек көрсетілуде, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.