Түркістан облысында кене шағу жағдайы 2 есе көбейген

Теги: ,
596

Жыл басынан бері 318 азаматты кене шаққан. Екі адамнан қырым қанды қызбасы анықталып отыр. Алғашқы жағдай Қазығұрт ауданында тіркелді. 10-мамыр күні тұрғынды өз ауласында кене шаққан.

«Қазығұрт ауданының тұрғыны кене шаққаннан соң 2-3 күннен кейін әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, ине енгізу орындарының ауырсынуы, қызаруы сынды белгілері біліне бастаған соң, жедел жәрдеммен орталық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы орташа ауырлықта. Тағы бір науқастың қырым қанды безгегі диагнозы бүгін расталды. Ол Шымкент қалалық жұқпалы аурудар ауруханасында емделіп жатыр» ,- деді Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің өкілдері.

Мамандардың мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кенеден зардап шегушілердің саны тап бүгін 2 есе артқан. Былтыр кене шағу санының төмен болуы карантинге байланысты табиғатқа шығу, серуендеуге қойылған шектеулермен байланысты аз болыпты.

 

Жыл басынан бері мамандар 15 252 дана кенені жинаған. Оларды зерттеу нәтижесі бойынша 54 сынамадан оң нәтижелер, яғни қырым қанды қызбасының қоздырғыш вирустары анықталған. Залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылды, деп мәлімдейді санэпидемиологтар.

Предыдущая запись
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім біліктілік санатын көтеретін сертификатты сатып алды деген күдікке ілікті
Следующая запись
Атырау: заңсыз бизнес үшін шенеуніктерге 3,8 млн теңге айыппұл салынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню