370
Түркістан облысы Отырар ауданында 15 жасар оқушы таңғы уақытта сабаққа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Туыстары шарқ ұрып іздеген жасөспірімнің әкесі дереу полициядан көмек сұраған.
Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет еткен. Жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында оқушы бір тәулік ішінде табылды. 15 жасар қыз мектептен шыққан соң достарымен бірге Шымкент қаласына барып, саябақта серуендеп жүріпті.
Жасөспірімнің ата-анасы дер кезінде әрекет еткен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.