Түркістан облысында нөсер жауын салдарынан жүздеген уақ мал қырылды

Теги: ,
491

24-сәуір күні Қазығұрт пен Сарыағаш ауданында қырдан аққан қызыл су ауылға қарай лап қойды. 53 үйдің ауласына кірген. Қора-жайлар мен кейбір үйлердің ішіне су кірген жағайлар бар. Төтенше жағдай кезінде елуден астам отбасы туыстарының үйіне эвокуацияланды.

Жіңішке ауылының үлкендері елді мекенде қызыл судың бұлайша сес көрсетуі соңғы уақытта жиілеп кеткнін айтады. Тоқсаныншы жылдан бері кемінде бесінші рет қайталанып тұрғанған көрінеді. Ауыл ақсақалы Меңлібай Жұбатов кешкі алтыдан өте жауған жауыннан көп қауіптене қоймапты.

-Өрістен келген сиырды байлап, саууыға әрекет жасап жатқанбыз. Жетіден өте қыр жақтан сарылдап су келді. Көршінің қоршауын бұзып, бетонын ағызып әткетті. Сиырларымды босатып үлгердік, қой қораының есігін ашып қойдым. Бірақ қойлап сыртқа шыға қоймады арыны қатты судан. Үйге су кіреді ма деп қауіптеніп едік, іргетастан әрі апсады. Бірақ 28 қозылы қойымның 8-9 басы жоқ. Су ағызып әкетіпті. Қазір екі қабатты сарайымның төменгі қабаты суға толып тұрү Кәмдіктен суды соратын құрылғысы сұрап барғанмын, ауланың бәрі лай батпақ. Еріктілер келсе жібер деп кетіп едім, әлі жоқ. Мына жауын сұмдық енді. Сарайда тұрған қүрылыс заттарымның бәрі бүлінді. Егіп қойған көшеттерге дейін балшық бүркеп ол жатыр, -деді шарасыз қария.

Қазығұрт ауданы әкімдігіндегілердің дерегінше, 312 уақ мал өліпті.

Бірақ тұрғындар топан суға тұншығып өлгенінен бөлек, суға ағып кеткен малдың саны одан әлдеқайда көптігіне сенімді.

Ғазиза Батырханова, Сарапхана ауылының тұрғыны:

«Жаңбыр жауып жатқанда бірден қойларды қамап қойдық. 400 қой бар еді қорада. Көбі қозылы қойлар. Тоғыздар шамасында жоғары жақтан су бірден келді. Қорадағы су көкірегіме дейін жетеді. Жылқылар мен сиырларды бұзауымен босатып үлгердік. Ал қойлар бірінің үстіне бірі шығып, тұншығып өлді. Тек қораның кірпіштерін осында көмекке келгендердің арқасында бұзып, 187 қойды құтқарып үлгердік. 213 басын шығара алмадым. Көпшіліктің сеніп тапсырған аманаты еді. Не істерімді білмей тұрмын. Мал дәрігерлер келіп сырғаларын алып кетті, өтелетін шығар деген үмітіп бар. Бірақ сонша адам пейнетіміз суға ағып кете салғанына ішім удай ашып тұр. Қорада өлгенінен бөлек көшеде өліп жатқан мал қаншама. Шыққан шығынымыз 10 млн теңгенің үстінде».

Түнімен суық суды кешіп жүріп суықтап қалғанын жеткізген Нұрғали Қоңыратбаев есімді шаруа мұның бәрі әкімдіктегілердің кінәсі деп отыр. Айтуынша, негізгі қателік жауын суы ағатын жерге жол салынып, көпірдің тым тар болуы себеп көрінеді.

-Бұл су қыр жақтан келді. Ал мына үлкен жолдың астынан салынған көпір тым кішкентай. Мына кіші жол заңсыз салынған. Соның салдарынан осылай су шайып, қарапайым халықтың малы қырылып жатыр. Кезінде мен талай шырылдағам бұл жолды мұнда салуға болмайды, қызыл судың жүретін жолын жабуға болмайды, су басады деп. Мені тыңдаған ешкім болған жоқ. Салатын көпірін салды. Кішкентай көпір салған. Соған су симай міне соның кесірінен осындай жағдай болып жатыр.

Нөсер жауыннан Сарыағаш ауданындағы бір ауылды да су басты. Жауын суы қора-қопсыларға ғана кірді. Адам шығыны жоқ деген мамандар жалпы екі ауданда 53 үйдің ауласына су кіргенін жеткізді. Аулаларға жиналған сулар арнайы құрылғылардың көмегімен шығарылды. Ал ағып келген батпақтарды тазартуға еріктілер жұмылыдырып жатыр деп жеткізді әкімдіктегілер.

«Жалпы 53 үйдің ауласына, 18 үйге, 1 тойхана, 16 шаруашылық құрылыстың ішіне су кірген болатын. Су басқан аумақтардан 50 адам эвокуацияланған болатын кеше кешке. Бірақ бүгінгі таңға барлық эвокуациялаған адамдар өздерінің үйлеріне тұрғылықты қайтарылды. Өлген малдың жалпы шығыны анықталып жатыр», деп хабарлады Түркістан облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Қазығұрт және Сарыағаш ауданындағы жауын-шашын салдарын жою бойынша арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімі елді мекендерді судан тазартып, тұрғындарға заң аясында көмек көрсетуді тапсырды.

Предыдущая запись
Ақтөбе: үш тұрғын қабан атқаны үшін сотталды
Следующая запись
Ақтөбе: Маңғыстау облысымен шекарада ақбөкен атқандар ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню