281
Облыстық ТЖД мәліметінше, Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студент белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткен. Белгілі болғанындай, шетелдік студенттер Төлеби ауданы Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалына демалуға барған. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Кеше кештен бастап хабар алысымен іздестіруге кіріскен төтеншеліктер әзірге нәтиже жоғын айтады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды.