​Түркістан облысында төрт ауылдағы дүкен иелері ішімдік сатудан бас тартқан

Теги: ,
365

Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 2 мыңнан астам іс-құжаттар сотқа жолданған. Әкімшілік істердің 64 пайызы сотта тараптардың татуласуымен қысқартылған. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, тұрмыстық қатынаста жасалған қылмыстардың 30 пайызы мас хәлде немесе спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған.

Мастықпен жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ордабасы ауданының «Жусансай», «Ақ қойлы», Жетісай ауданының «Алмалы» және Мақтаарал ауданының «Жеңіс» елдімекендерінде тұрғындардың бастамасымен дүкендер спирттік ішімдік сатудан бас тартқан. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған елдімекендерде қылмыс саны азайған. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мәселесінде бұл бастама арқылы халық көпке үлгі болып отыр. Түркістандық ақсақалдардың облыс орталығын «Арақсыз қала, шарапсыз шаһарға» айналдыру бағытында көтеріп отырған мәселесі де орынды.

«Осы бағытта жұмысты күшейту керек. Басты мақсат – облыс аумағын қауіпсіз аймақ ету. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ана мен бала құқығын қорғаудың маңызы зор», – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Өңірдегі жастар ресурстық орталықтары жанынан «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторлары жұмыс істеуде. Жыл басынан бері облыс аумағындағы 6 секторда 1 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді. Оның ішінде, 573 (55,7%) – әйелдер, 255 (24,8%) – кәмелетке толғамағандар, 162 (15,8%) – ерлер азаматтар, 38 (3,7%) – қарттар.

«Amanat» партиясының сайлауалды «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын орындау жөніндегі жол қартасына сәйкес 2025 жылға дейін әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша мекен беру жөніндегі 234 «Отбасын қолдау орталығын» ашу жоспарланған. Түркістан облысында биыл 3 орталық, жалпы 4 жылда 16 орталық ашу көзделген.

Предыдущая запись
В Туркестанской области накажут более 2 тыс. мужей
Следующая запись
Жыл басынан бері мүгедек пен асыраушысынан айырылғандарға 327 млрд теңге төленген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню