371
Түркістан облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында медициналық 1 343 нысанға тексеру жүргізген. Нәтижесінде кейбір мекемелерде ыстық судың болмауы, желдеткіш жүйелерінің жоқтығы, медициналық қалдықтарды жинау мен сақтау талаптарының сақталмауы сияқты бірқатар кемшіліктер анықталған. Оларды жою бойынша 75 634 206 теңге сомасында 1372 айыппұл санкциясы салынып, 90 санитариялық ұйғарым берілген. Департаменті мәліметінше, 49 медицина қызметкері жұмыстан уақытша шеттетіліп, 11 материал сотқа жолданыпты.