Түркістан облысында 946 білім ұясы болса, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер 2021-2022 оқу жылында 702 мектепке тексеру жүргізген.
Ведомство мәліметінше, жауапты тұлғаларға 232 млн теңгені құрайтын 614 айыппұл салынып, ұйғарымдар берілген. Өңірдегі апатты жағдайдағы төрт оқу орнының бірі жаңа ғимаратқа көшірілсе, қалған объектілер бойынша шешімдер жақын арада қабылданбақ.
«Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, балалар санының тығыздығын болдырмау үшін өңірде үш ауысымда оқытатын 11 мектептің бірі екі ауысымға ауыстырылды. Айта кетейік, облыстағы 16 мектепте дәретхананың сыртта орналасуы – әлі де өзекті мәселе. Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл проблеманы жауапты мекемелер алдында көтеруде» делінген мәліметте.