398
Жалған нөмір таққан «Нексия» автокөлігі Түркістан қаласының орталығынан тоқтатылды. Оның 2 млн теңге айыппұлды төлемей жүргені «Қорғау» жүйесі арқылы анықталған.
Полицейлердің дерегінше, жас жігіт 2021 жылы қазан айынан бастап, 2022 жылдың наурыз айына дейін 67 рет әкімшілік құқықбұзушылық жасап, 2 миллион 244 мың айыппұл арқалаған. Жүргізушінің заң бұзушылықтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы, 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі айыптұраққа жеткізілді.