446
Бәйдібек ауданының тұрғыны мұндай қадамға әйелімен жанжалдасып қалғаннан соң барыпты. Полицейлер қасақана от қойған ер адамды ұсталды. Төрт бөлмелі баспананың ішінде тұрмыстық заттармен қоса алтын бұйымдар да жанған. Жәбірленуші әйелге келген шығын мөлшері 3 млн. теңге шамасында.
«Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат мас халде үйге өрт қойған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы.