Түркістандағы кассир жұмыс берушінің 10 миллион теңгесін жымқырған

341

Түркістанда 10 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырған кассир әйел анықталды, деп хабарлайды Elitar.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полицияның ақпаратына сәйкес, «Түркістан полициясына жергілікті тұрғын жеке кәсіпкер арызданған. Оның айтуынша, кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде 10 млн теңгеге жуық ақша кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда бірден іске кіріскен. Олар қаражаттың қайда кеткенін анықтау үшін қажетті жұмыстарды пысықтады. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті әйел болып шықты».

Анықталғандай, күдікті әйел жеке кәсіпкерлік орталықта кассир операторы болып жұмыс істеген. Күдікті кассадан 5 млн теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы да 5 млн теңгеге жуық ақшаны білдірмей алған. Күдікті әйел алған ақшаның барлығын бас пайдасына жұмсаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті емденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
Развивать возобновляемую энергетику планируется в Казахстане
Следующая запись
Туркестанец благодаря полицейским через 62 года обменял советский паспорт на новый

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню