​Таразда ер кісі қарт тұрғынның үйін тонаған

Теги: ,
380

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 88 жастағы зейнеткердің үйіне ұры түсті. Жәбірленушінің айтуынша, кешкі сағат 20.00-23.00 шамасында үйінен әлдекім коллекциялық монеталарды, баян музыкалық аспабын және бірнеше жылдар бойы жинап келген 647 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен. Бұл кезде қарт тұрғын үйінде болмаған.

Полицияға арызданған зейнеткер тәртіп сақшыларынан әсіресе ескі монеталар мен баян аспабын тауып беруін сұраған. Өткені музыквлық аспапта ойнау оның бос уақытындағы сүйікті ісі екен.

«Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 51 жастағы тұрғын ұсталды. Ер адам өз кінәсін толық мойындады»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Барлық заттай дәлелдемелер алынып, сараптама тағайындалған. Күдікті қарт кісінің ұлының досы болып шыққан.

Предыдущая запись
Қазмедиа орталықта Astana Media Week-2022 өз жұмысын бастады
Следующая запись
​«Ақшаңды көбейтіп беремін»: Тұрғындарды сан соқтырып кеткен келіншек сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню