​Таразда танысына сенген келіншек 2 млн ақшасынан айырылды

Теги: ,
302

Тараздық полицейлерге 35 жастағы тұрғын арызданған. Ол өз шағымында танысы қаланың шағынаудандарының бірінен пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен сеніміне кіргенін көрсеткен. Осылайша оның 2 млн теңгесін алдап алған екен. Алайда жаңа үй әпермеген, не алған ақшасын да қайтармаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталған. Ол Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық)сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін толық мойындады» деп атап өтті Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілер.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9 айында облыста 600-ден астам алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 165-і интернет арқылы жасалған.

Предыдущая запись
​Тұрғын үй алдында жас жігітпен ерегіскен шымкенттік оны тапаншамен атып тастады
Следующая запись
​Каких заповедей должны придерживаться госслужащие Шымкента

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню