«Теңгені қорлау». Мылтыққа ақшаны жыртып ілген әскери курсанттар жұрттың жағасын ұстатты

Теги: ,
323

Әскери институтта өткен салтанатты шара кезінде мылтық ұстап тұрған курсантқа ақша қыстырғандар жұрттың таңданысын тудырды. Оның видеосы ТікТок-та жарияланды.

Бейнежазбадан әскеридің мылтық ұстап, бір орнында тұрғанын көруге болады. Ал өзге курсанттар алаңда салтанатты маршпен жүріп өтеді. Жай қарап өтпей, мылтық ұстаған жігіттің қолындағы қаруға ақшаны жыртып, іліп кетеді. Ал енді бірі оның қалтасына ақша салғанын көруге болады.

Желі қолданушылары әскерилердің бұл әрекетін түсінбей дал болды. Кейбірі бұл әскери шен алғанда жасалынатын ырым деп топшыласа, бірі бұл ұлттық валютамызды қор қылу деп ашынды.

«Ақшаның құны мен қадірі кеткенін осыдан көрсе болады. Жүрегім ауырып кетті ғой», «Жақсы дәстүр емес-ау. Жемқорлықтың бастамасы сияқты», «Теңгені қорлау ғой», «Неге ақшаны жыртып іліп жатыр? Басқалай болмай ма беруге?», «Ақшаны теспей, қалтасына немесе қолына ұстатса болмай ма?», «Негізі бұрындары тиын шашушы еді», «Аға лейтенант болғанын жуып жатыр ма?» деп жазды желі қолданушылары.

Пікір жазғандардың болжамынша, бұл Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары болуы мүмкін.

Предыдущая запись
Сейтқазы Матаев пен ұлы толық ақталып шықты
Следующая запись
ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған үшінші түлек те грантқа түсе алмайтын болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню