Шығыс Қазақстан облысының орталығында көпқабатты үйден өрт шықты. Оқиға Қабанбай батыр көшесіндегі үйде болған. 4 қабатты үйдегі 10 тұрғын өрт сөндіру қызметі келгенше сыртқа шығып үлгерген. Қалғанын құтқарушылар эвакуациялады.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті құтқарылғандардың бірі 1966 жылы дүниеге ер адам екенін айтты. Өрт дәл осы тұрғынның үйінен шыққан. Дәрігерлер тексеруінен өткен соң оның денсаулығына ешқандай зақым келмегені белгілі болды.
«Тілсіз жау төртінші қабатта орналасқан пәтерден шыққан. Өрт сөндірушілер бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта үй ішінде жиһаздың ағаш құрылымдары мен матрас жанып жатты. Көп ұзамай жалпы ауданы 1 шаршы метрді құраған жалын сөндірілді. Өрттің шығуына – үй иесінің темекі тартып, ұйықтап кете жаздауы себеп болған», — делінген департамент мәліметінде.