Тоқаев: «Үкімет өрттен зардап шеккендерге 2-2,5 айда жаңа үй салып береді»

Теги: ,
306

Мемлекет Қостанайда орман алқабынан шыққан алапат өрттен зардап шеккендерге аз уақыттың ішінде үй салып береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесу кезінде осылай дейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің Telegram-каналы жазды.

«Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды» делінген ресми ақпаратта.

Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

«Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Предыдущая запись
Чтобы прокормить бездомных питомцев, основатели приюта заложили в ломбард золото и ценные вещи
Следующая запись
В Украину собираются 10 тысяч паломников-хасидов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню