Украина: қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілері елге оралып жатыр

Теги: ,
321

Украинада қарулы қақтығыс басталған кезде Кировоград қаласынан шыға алмай қалған оралдық жүк көліктерінің жүргізушілері елге келе жатыр. Солардың бірі — Нұрым Садықов Украинаға ауыл шаруашылығы техникасын алуға барған. Бірақ кенеттен басталған қарулы қақтығыстың кесірінен жат жерде қалған жүргізугі тіпті тауарын да тиеп үлгірмегенін айтқан еді. Зауыт басшылығы соғыс басталғанын, жұмысшы жігіттердің тең жарымы майданға кеткенін ескерткен. Украинадағы иесіз кәсіпорынның ауласынан екі апта бойы ұзап шыға алмаған жүргізушілер жергілікті халықтың көп көмегі тигенін айтады.

Нұрым САДЫҚОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ :

— Украинада Қазақстаннан келген 52 жүк көлігі бар екен. Соларды ұмыт қалдырмаған Қазақстан елшілігіне ризамыз. Елшіліктегі жігіттердің көп көмегі тиді. Әйтпесе оққа ұшып, далада қалуымыз мүмкін еді. Елшіліктің араласуымен Украинадағы қазақстандық мәшинелер жайлап шығарылып жатыр. Қазір үш машина келе жатырмыз. Біз ақыры тауарымызды тией алмадық, екі көлік бос келеміз. Үшінші фура да апарған затын түсіре алмай, кері қайтып келеді. Өйткені барған жерінде жүкті түсіретін кісі болған жоқ. Артымызда әлі алты фура келеді, жүргізушілері қазір кемпингте тынығып жатыр. Кешке дейін қуып жететін шығар? Қазір Польшаға 300 шақырым қалды. Бейбіт күннің қадірін енді біліп жатырмыз.

Предыдущая запись
​В Шымкенте прошло обучение специалистов, работающих с детьми с церебральным параличом
Следующая запись
Димаш победил в номинации «Казахстанский артист года»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню