Украина: Украинадан шыға алмай қалған қазақстандық жүк көліктерінің жүргізушілерін украиндықтар өз үйінде паналатып отыр

Теги: ,
392

Жүк көліктерінің жүргізушілері Украинаға қарулы қақтығысқа дейін келгенін айтады. Енді олар соғыс аймағынан шыға алмай отыр. Әр күні уайыммен өткен жүргізушілер азық-түліктен тарығып, көлігінің жанармайы да азайғанын жеткізді. Жүк көлігінің жүргізушілері Нұрым мен Қайрат Садықовтар Украинаның Кировоград қаласына Қазақстанның батысынан барған. Олар дән шашатын, жер жыртатын ауыл шаруашылығы техникасын тиеп, 24 ақпанда Қазақстанға кері қайтуы керек еді. Бірақ кенеттен басталған соғыс жоспарын бұзыпты. Тіпті уәделі тауарын тиеп үлгірмеген. Жүк көліктерінің жүргізушілері қазір зауыттың жұмысы тоқтап тұрғанын айтады. Өйткені бірер күн бұрын зауыттағы жұмысшы жігіттердің тең жарымын майданға әкетіпті. Қазір жат мемлекетте иесіз зауыттың ауласынан ұзап шыға алмай отырмыз,- дейді жүргізушілер.

Нұрым САДЫҚОВ, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ :

« Украинадан елге қайтқымыз келеді. Бізді отбасымыз алаңдап күтіп отыр. Әзірге мұндай мобильді байланыс бар. Сондықтан уатсап арқылы хабарласып отырмыз. Бірақ алысқа бара алмаймыз. Естіуімізше айналадағы көпірлердің бәрін жарып жіберген. Мұнда қаңғып қалған тек біз емес, өзбектер мен қырғыздар да бар. Олар да кетерге көлік, шығарға жол таппай жүр. Өзіміздің жігіттермен хабарласып отырамын. Қазақстаннан 52 фура келіпті. Бірақ әрқайсысы Украинаның түкпір-түкпірінде шашырай орналасқан. Біз дән себетін техника үшін келсек, кейбірі кондитерлік өнімдер әкету үшін келген. Енді бәріміз қаңтарылып отырмыз.»

Қайрат, ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ :

«Украин ағайындарға риза болдық. Біздің мүшкіл жағдайымызды көріп, күнде қонаққа шақырады. Мына жақта көлігімізді иесіз қалдыра алмаймыз, қанша дегенмен бөтен жер ғой. Бірақ кеше кешкі асқа шақырған. Дәмінен ауыз тиіп, қонақ болып келдік. Алдында айнала зымыран, снаряд ұшып, бомбалаған кезде бәріміз солардың жертөлесінде тығылып жаттық. Кеше атыс болғанда көліктен шыға алмай, осы зауыттың ауласындағы бетон плиталардың астында жаттық».

Оралдық жүргізушілердің айтуынша, Украинадан өздігінен шықпақ болған ақтөбелік үш жүк көлігін белгісіз біреулер тонап кетіпті. Осы оқиғаны естіген соң, алысқа шыға алмадық, -дейді жүргізушілер. Нұрым Садықов Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне де хабарласқан. Министрліктегілер жүргізушілердің Львов қаласына жетуін сұраған. Бірақ көлік пен тиелген тауарды қалдырып кете алмаймыз, -дейді жүргізушілер. Ал таксистер шекараға дейін жеткізуге 1500-2000 АҚШ долларын сұрапты. Алайда жүк көлігінің жүргізушілері ондай ақшамыз жоқ деп отыр.

Telegram

Предыдущая запись
БҚО: Сауда сақал сипағанша
Следующая запись
Орал: алаяқтар айылын жияр емес

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню