«Вахталық жұмысқа кіргіземін»: Түркістанда жұмыссыз жүрген бірнеше тұрғын алданып қалды

Теги: ,
374

Түркістан облысында орта жастағы тұрғын таныстарын жалақысы жақсы жұмысқа тұрғызып беремін деп алдап кеткен.

Облыс орталығының тұрғыны полицияға арызданған. Оның айтуынша, танысы Атырау қаласындағы белгілі бір компанияға вахталық жұмысқа тұрғызып беретінін айтып, ол үшін 150 000 теңгесін алған. Алайда жәбірленуші күдіктіден бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Тексеру барысында орта жастағы күдіктінің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды. Бұдан өзге ол дәл осындай алаяқтықпен тағы 3 тұрғынды алдап кеткен. Олардың әрқайсысынан 100 мың теңгеден алған. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Ақмолалық тұрғын 87 жастағы зейнеткердің жарты млн теңгесін тартып алды
Следующая запись
Нуртас Адамбай пытается расколоть общество?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню