356
Танымал вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі тағы бір айға созылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«17 қыркүйек күні тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Мейіржан Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды», — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, вайнер Мейіржан Төребаев пен оның тағы бір әріптесі Мейірхан Шерниязов бірге Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі бойынша күдікті ретінде танылған. Олар қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталған.