Әлеуметтік желілерде бойжеткен қыздың Назарбаев университетіне қатысты жаға ұстатарлық мәлімдеме жасаған видеоүндеуі жарияланды. Онда білім ордасындағы профессорлар мен жоғарғы курс студенттерінің жас қыздарға қысым көрсету, тиісу, зорлау әрекеттері айтылады.
Ішкі істер министрлігі бұл видео бойынша тексеру жұмыстарын бастады.
«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлау жағдайлары, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсету фактілері жайында мәлімдеді. Бұл бейнежолдау «Есіл» ауданының Полиция басқармасында тіркелді. Полиция қызметкерлері қазір тексеру жүргізуде» делінген министрліктің Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.