​Өзбекстаннан келген қойшы асыл тұқымды қошқарларды сатып жіберген

Теги: ,
334

Шымкент тұрғынын қойшы жігіт сан соқтырып кеткен. Жәбірленуші Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөліміне арызданған. Оның айтуынша, қарамағында жұмыс істейтін шопан құны 1 миллион теңге болатын 5 бас асыл тұқымды қошқарын рұқсатсыз сатып, өзі қашып кеткен. Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізгенде бір-ақ біліпті.

Мал иесінің арызы Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркелді. Жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті Алматы қаласына қашпақ болған жерінен ұсталды.

«Қойшы полиция бөліміне жеткізіліп, орын алған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында жауап алынды. Күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. 1 жылдан бері жәбірленушінің қойларын бағып жүрген. Алайда осы жолы тұрғынның 5 бас қошқарын таныстарына сатып, қалған малды қараусыз қалдырып кеткен. Ал өзі бой тасалаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Ұрланған асыл тұқымды қошқарлар заңды иесіне қайтарылған.

Предыдущая запись
Какого цвета флаги вывесили в столице?
Следующая запись
​Қостанайда тұрғын үй ваннасынан жылан табылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню