Жамбылда суицид жасап көз жұмды деген сарбаздың өлімі бойынша күдікті қамалды

Теги: ,
704

Жамбылда шекара қызметінде Отан алдындағы борышын атқарып жүрген сарбаз Бекбол Мираштың өлімі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы маңғыстаулық белсенді Бибігүл Рамазан Faсebook парақшасында жазды.

«Жамбылда шекарада Мираш Бекбол суицид жасамаған. Күдікті қамауға алынды. Бұған дейін суицид деп қаншама өлімді жауып тастадыңдар?» делінген жазбада.

Күдікті марқұмның әріптесі. ҚазАқпарат хабарлауынша, шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы 2-бөлігіне сәйкес (Қызметік өкілеттікті асыра пайдаланып, салдары зардапқа әкеліп соқтырған) тергеліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу жұмысымен ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі айналысып жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Тараздың мамандандырылған тергеу соты оны қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды», — деп мәлім етті Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, 2004 жылы дүниеге келген сарбаз 19 тамызда Жамбыл облысындағы шекара заставасында қайтыс болған болатын. Марқұмның денесін туған жеріне алып барған әскерилер жауынгер сүйіктісімен ренжісіп қалған соң асылып өлді деп айтқан. Алайда оның қызы бұл мәліметті жоққа шығарып, әскерилерге сарбаздың жазған соңғы хатын оқып берді. Онда марқұм соңғы кезде әскерде қорлық көріп жүргенін айтқан.

Предыдущая запись
Журналистерге «жынымды келтірмеңізші» деген шенеуніктің қызметі өсті
Следующая запись
«Чем терпеть, лучше умереть». В Таразе задержан подозреваемый в убийстве солдата

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню