Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Оқиға 20 қазанда сағат 09:50 шамасында болған. Полицияға оқиға куәгерлерінің бірі Mercedes автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында хабарлаған. Polisia.kz жазуынша, көлікті 20 жастағы тұрғын тізгіндеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші “Алматы-Алатау” трассында батыс бағытта 4 шақырым жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасаған. Содан рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кеткен. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды.
Жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.