Түркістан облысы, Келес ауданында жанармай бекетінің қызметкері кассадан 720 мың теңгені жымқырып, оны құмар ойынға тігіп жіберген.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғын полиция бөліміне арызданған. Әйел адамның айтуынша, кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде 720 мың теңге кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
«Күдікті жанармай құю бекетінде кассир-оператор болып жұмыс істеген. Ол кассадан 340 000 теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы да 380 000 теңге ақшаны алған. Күдікті жігіт алған ақшаны құмар ойынына жұмсаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті емденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Полиция департаментіндегілер.