Жетісайда мүгедек арбасына отырып қайыр сұрап жүрген ер кісінің аяғы сау болып шықты

Теги: ,
310

Түркістан облысы, Жетісай ауданында аяғы сау адам мүгедектерге арналған арбаға отырып, қайыр сұрап келген. Халықтың аянышын тудырып, көзбояушылық жасап келген ер адамды полицейлер анықтаған. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Орталық базарды қайыр сұрау ордасына айналдырған ер азаматпен бірге тағы екі тұрғын анықталыпты. Үшеуіне де Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабы бойынша хаттама толтырылған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қайыр сұраушыларға полицейлер тарапынан бұған дейін де бірнеше рет ескерту берілген екен. Алайда олар алақан жаюды тоқтатпаған соң енді айыппұл арқалап отыр.

Предыдущая запись
Бизнесменов Шымкента попросили надеть маски
Следующая запись
Әкімдік: «Шымкентте қант қоры жеткілікті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню