Жолаушылар пойызындағы ешкі көпті күлкіге қарық қылды

Теги: ,
357

Әлеуметтік желілерде «Петропавл-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында тұрған ешкінің видеосы тарап кетті. Оны көрген желі қолданушылары ешкінің пойызға қалай кіргенін түсінбей дал болып, өз болжамдарын жарыса жазды.

«Қызық, иесі жолсерікпен қаншаға келісіпті?», «Масқара, енді адам таситын пойызда ешкі тасу қалып еді», «Естері дұрыс па?», «Бұл да өзгелер сияқты кассаға барып билет алған шығар?», «Мынаны жолсерік пойыз ішіне қалай кіргізген?» деп жазды желідегілер.

Көптің қызу талқысына түскен видеоға қатысты Көліктегі полиция департаментіндегілер тексеру жұмыстарын жүргізген. Полицейлер жұмыс істемейтін тамбурда тұрған ешкіні көріп, анықтау жұмыстарына кіріскен. Белгілі болғандай, үй жануарын пойызға жолсеріктің өзі отырғызыпты. Ол ешкіні үйіне жеткізіп алмақ болған екен. Дегенмен 40 жастағы жолсерік бұл әрекеті үшін жауапқа тартылатын болды. Көліктегі полицейлер жолсерікті әкімшілік жауапқа тарту үшін тиісті құжаттарды Ақмола облыстық көліктік бақылау инспекциясына жіберген. Ал «Түрксіб – Астана» ЖШС мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығына жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолданыпты.

Предыдущая запись
Мать оставила своего пятимесячного ребенка на скамейке в парке
Следующая запись
Евгений Чебатков: «Чистый воздух — здоровые дети» — для Усть-Каменогорска это грустная фраза

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню