379
Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалғанын мәлімдеді.
Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтаған.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.
«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді» делінген министрлік таратқан ақпаратта.